$ 449.58  486.94  4.86

Терроризмді насихаттаған БҚО тұрғыны 3,6 жылға сотталды

Діни араздықты қоздырғандығы және экстермизмді насихаттағандығы үшін Тимур Болатұлы 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Skifnews.kz.

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдегендей, 2012 жылдың тамыз айынан 2013 жылдың қазан айына дейін Тимур Болатұлы өзінің жақын туыстарымен таныстарының арасында радикалды діни ағымдарды таратқан.

Жүргізілген сараптамалар нәтижелері Т.Болатұлының сөздерінде конспирациялық өмір салтын енгізу қажеттігі туралы түсіндірулер, сондай-ақ терроризм мен экстремизмды насихаттау белгілері бар екендігін көрсетті.

Аталған факт бойынша, облыс прокуратурасымен ҚР ҚК-нің 233-1 бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, одан әрі тергеу үшін БҚО ҰҚКД-не жолданды.

Қалалық соттың санкциясымен Т.Болатұлы тұтқындалды және тергеу қорытындылары бойынша ҚР ҚК-нің 164-бабының 1-бөлігі мен 233-1 бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылып, одан әрі мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

«Орал қалалық сотының үкімімен Т.Болатұлы кінәлі деп танылып, жалпы режимдегі түзету колониясында жазасын өтеуге 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды», делінген хабарламада.

Сот актісі шағым түсуіне байланысты заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары