Қызылордада екі мектеп 12 жылдық білім беру жүйесіне көшті, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Қала әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жоспары бойынша, 2014-2015 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап, Қызылорда қаласындағы №2 «Мұрагер», №233 орта мектеп базасында эксперимент жұмыстары басталды.
«Эксперимент бағдарламасы, іс-әрекет және жұмыс жоспарлары ҚР Білім және ғылым министрлігінің тиісті нормативтік құжаттарына сүйене отырып жасалды», делінген хабарламада.