$ 494.87  520.65  4.91

Астанада пандустардың нормаға сәйкес болуы тексеріліп жатыр

Елордада нысандарда мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдайларды бағалаумен және мониторингтеумен арнайы қоғамдық топ айналысады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Астана әкімдігінің ресми сайты мәлімдегендей, топ мүшелері қаладағы ғимараттар мен құрылыстарға тұрақты тексеру жүргізеді, адамдар көп баратын нысандар тізімін әзірлейді. Қазіргі кезде 300 жуық объекті тексерілді.

Бүгін де Астанадағы бірнеше нысанды, соның ішінде №10 мектеп-гимназиясын, №24 «Айналайын», №34 «Ақ-бидай», сондай-ақ №7 «Аққу» балабақшаларын аралау көзделген.

«Қоғамдық топ мүшесі, «ДОС» тәуелсіз өмір» Мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дина Ерділдинованың айтуынша, нысанды тексеру тұрақтан басталады, содан кейін тротуарға шығу жолы мен пандустың барлық нормаларға сай болуы қаралады. Кіреберісі (табалдырықтың биіктігі 2,5 см аспау керек), міндетті түрде есіктері кең болуы тиіс, лифтіге апаратын жолда кедергілер болмау керек», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары