Бүгін Алматыда жергілікті уақыт бойынша таңғы 08 сағат 11 минут 10 секундта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі таратқан ақпараты бойынша, жер асты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 135 шақырым жерде 10 шақырым тереңдікте болған.
«Зілзаланың энергетикалық класы - 10.9. Жер сілкінісінен бөлінетін сейсмикалық толқындардың магнитудасы MPV - 4.9. Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ», делінген хабарламада.