$ 494.87  520.65  4.91

Таразда жарық өшіріле бастады

Жамбыл облысы орталығының тұрғындары екінші тәулік кешке таман кезекпен электр энергиясының ажыратылуына тап болды, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Облыстық әкімдіктің энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Мамат Шәкіров хабарлағандай, бұл шектеулерге «KEGOC» АҚ Солтүстік - Оңтүстік электр желісінде жөндеу жұмыстарын жүргізуі мен электр энергиясының тапшылығы себеп.

— Тасымдайтын электр желілердің өткізгіштік мүмкіндігі 500 киловольт. Олар түсетін жүктемені көтере алмағандықтан, қаланың кей аудандарын жарықтан ажыратуға мәжбүрміз, — деді М. Шәкіров.

Оның сөзіне қарағанда, кешкі уақытты жамбыл энергетиктері Қырғызстаннан жеткізілетін электр энергиясы арқылы реттеп отырған. Қазіргі уақытта осы көршілес елде де бұл мәселе туындап, Тараздың кей аудандары кешке таман жарықсыз қалатын болды.

Облыстық әкімдіктің энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Мамат Шәкіров айтқандай, бұл мәселені тарқатудың сан алуан амалдары қарастырылып жатыр.

— Кәсіпорындардағы жарықты ажырататын шығармыз. Өйткені тұрғындарды кешкі уақытта электр энергиясыз қалдыруға болмайды, — деді М. Шәкиров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тараз #жарық