$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздің бірқатар аймақтарында күн суытады

4 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек солтүстік-батыста ғана ауа райы тұрақсыз, жауын жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» метео қызметі.

Синоптиктердің болжамы бойынша, солтүстік пен солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райы 0-5 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары