$ 444.32  473.33  4.76

Меккеге жаяу жол тартқан астаналық азамат Бакуге жетті

Меккеге жаяу жол тартқан Астана қаласының тұрғыны Дулат Иманғали бүгінде Бакуге жетті. Оны бұл жерде Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері қарсы алды, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Қазақстандық азамат Баку көшелерімен жүгіріп өтіп, бүгін ел астанасынан Әзербайжан Республикасының барлық аумағымен солтүстіктен оңтүстікке қарай Иранға бет алды.

Д.Иманғалидің сөзіне қарағанда, Әзербайжан аумағынан өткен соң ол Иран мен Кувейттен асып, ары қарай Сауыд Арабиясына, Меккеге бармақ.

— Әзербайжандағы Қазақстан Елшілігіне көрсеткен көмектері үшін ризамын, — деді Д.Иманғали.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары