Алматыда халық арасында «барахолка» атанған жайма базарды тағы да өрт шалды. Дәлірек, мұндағы «Алатау» базарының бірқатар саудалық орындары өртке оранған, деп хабарлайды «Қазақпарат».
Қазіргі сәтте, оқиға орнына өрт сөндіру қызметі мен шұғыл көмек бригадалары келіп жеткен.
Базар қызметкерлерінің айтуынша, өрт шамамен бүгін таңғы сағат 8:00 басталған.
Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті әзірге қандай да бір түсініктеме беруден бас тартуда.