$ 449.58  486.94  4.86

Астаналықтардың саны 835 153 адамға жетті

Елорда тұрғындарының саны 2014 жылғы 1 шілдеде 835 153 адамға жетті. Олардың 375 938 (45%) Алматы ауданында, 119 929 (14,3%) Есіл ауданында, 339 286 (40,6%) Сарыарқа ауданында тіркелген. Бұл туралы Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Қаланың статистика департаментінен мәлімдегендей, 2014 жылдың басымен салыстырғанда, Астана қаласындағы халықтың жалпы саны 20 718 адамға, оның ішінде Алматы ауданы бойынша - 7 957 адамға, Есіл ауданы бойынша - 6 127 адамға, Сарыарқа ауданы бойынша - 6 668 адамға көбейген.

2014 жылғы қаңтар-маусымда халықтың табиғи өткен жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 10,3%-ға көтеріліп, 9 831 адамды құраса, көші-қон есебінен өсім - 10 887 адамды құрады.

«2014 жылғы қаңтар-маусымда Астана қаласы бойынша 11 621 сәби дүниеге келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,7%-ға артық.

Елорда халқының жылдан жылға көбеюіне байланысты астаналықтарды әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі өзекті болып қала бермек», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары