$ 494.87  520.65  4.91

Астанада ірі құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Елордада «Әл-Баракат компании» құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Компанияға қаржы жымқыруға қам қылды деген айып тағылып отыр, деп хабаралайды «Астана» телеарнасы.

Еске сала кетсек, жуырда Астана әкімдігіне азаматтардан аталмыш компанияның арзан баспана саламыз деп мыңдаған үлескердің ақшасын жинап, құрылыс мерзімін созды деген шағым түскен.

Ресми мәлімет бойынша, «Әл баракат компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Прага», «Шарджа» тұрғын үйлерінің құрылысын бастау жөнінде үлескерлермен келісім жасасқан.

Алайда қалалық сәулет және құрылыс басқармасы компанияға аталған объектілерді тұрғызуға рұқсат құжаттар әлі берілмегенін хабарлады.

Заң бұзушылықтарды әшкерелеген қала әкімдігі бар материалды Ішкі істер департаментіне тапсырған болатын. Құрылыс компаниясы болса, тағылған айыптардың барлығы негізсіз дейді.

Компания басшысы Бақытжан Тойымбетовтің сөзінше, шу бәсекелес басқа компанияның қолдан жасап отырған арандатушылығы болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары