$ 449.58  486.94  4.86

Астанада 3 жыл ішінде 38 заңды тұлға жекеменшікке өтеді

Елордада 2014-2016 жылдарға арналған жоспарға сәйкес 38 заңды тұлға, соның ішінде 11-і 2014 жылы, жетеуі 2015 жылы және 20-ы 2016 жылы жекешелендіруге беріледі, деп хабарлайды Skifnews.kz

Бұл туралы Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі мәлім етті.

Қалалық Қаржы басқармасының мәліметінше, жекешелендірудің арқасында жергілікті атқарушы органдар бейінсіз активтер мен негізгі қызмет бағытына қатысы жоқ функцияларды атқарудан босайды. Сондай-ақ, коммуналдық заңды тұлғалар саны қысқарып, сол арқылы жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігі артады. Бұған қоса, қала экономикасындағы осыған дейін мемлекеттің қатысуымен құрылған кәсіпорындардың орны босап, шағын және орта бизнестің дамуына қосымша серпін береді.

ҚР Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауында жергілікті атқарушы органдарға стратегиялық мәнге ие емес кәсіпорындар мен қызметтерді жеке меншікке өткізу туралы тапсырылған болатын. Осыған байланысты мемлекеттің қатысуымен құрылған заңды тұлғаларды  бәсекелік ортаға тапсыру қолға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары