$ 444.32  473.33  4.76

Жергілікті әскери органдарға келіп түсетін өтініштер көбейіп тұр

ҚР Қорғаныс министрлігінде ҚР Бас әскери прокуратурасы жанындағы заңмен қамтамасыз ету сұрақтары жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы болып өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР ҚМ Әкімшілік департаментінің бастығы Р. Бекқадамовтың айтуынша, әскери басқару органдарына келіп түскен өтініштердің көп бөлігі әскерге шақыру, әскери қызметтін өтеу, әлеуметтік сала мәселелеріне арналған. Хатпен жіберілетін арыз-шағымдардың айтарлықтай қысқарғанымен қорғаныс министрінің блогіне, жергілікті әскери басқару органдарына келіп түскен өтініштер өсіп отыр.

Отырыста сондай-ақ, «Айқын» жобасының тұсаукесері болды. Тұсаукесерді ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есеп  Комитетінің мамандары өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары