$ 494.87  520.65  4.91

Шығыс Қазақстанда «Жер-2014» республикалық оқу-жаттығу басталды

Шығыс Қазақстан облысында «Жер-2014» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2014 жылғы 11 қыркүй екте таңғы сағат 8.00-де облыстың барлық мекемелерінен дабыл сиреналары тұрғындарды «болуы ықтимал» жерасты дүмпулерінің қаупі туралы құлақтандырды.

Бір тәулік ішінде республиканың барлық өңірлерінде және азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде далалық республикалық жедел штабы мен ҚР ІІМ ТЖ комитетінің мобильді байланыс торабы, құтқару бөлімшелерінің жылжымалы басқару пункттері орнатылды. Оқу-жаттығудың алдын ала жоспары бойынша жер сілкінісінің эпиорталығы Ресеймен шекарада тереңдігі 5 шақырым Зыряновск қаласының солтүстік-шығысында 40 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпулері облыс аумағында 9 баллға дейін сезілді, сондықтан облыстың әрбір ауданы қираушылықтың әртүрлі дәрежесіне ұшырайды. Облыстың жедел топтары атқарушы органдармен бірге әрбір бекітілген ауданда өз күштері мен құралдарын шоғырландырды.

Сонымен бірге жақын маңдағы округтердің зардап шеккен азаматтары палаталы лагерьлерге түсіп жатыр. Өскеменде екі халыққа көмек көрсету лагері жұмыс жасауда. Олар 800 орынға арналған. Палаталы лагерь тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету үшін барлық қажеттіліктермен, атап айтқанда азық-түлікпен, киім-кешекпен, төсек орындармен, жылы көрпелермен қамтылған.  Сондай-ақ, санитарлық шығындарды жинау пункті орнатылды.

Оқу-жаттығудың басынан бастап Қазақстанның барлық жерінде іс-әрекет даярлығына авариялық-құтқару қызметтері мен АҚ құрылымдарынан 3500 бөлімше қатысты, онда 43 мың адам жұмылдырылды. Оқу-жаттығуға барлығы жеке құрамнан 750 астам адам мен өтімділігі жоғары 140 бірлік техника жұмылдырылды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары