$ 445.66  474.58  4.78

Омбылық имамдар Павлодарда оқытылады

Павлодар облысы Омбыдағы көршілерге имамдарды оқытуға көмектеседі. Бұл жөнінде қазақ диаспорасымен кездесуінде аймақ басшысы Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының жазуынша, Киров мешітінің имамы Кипиден Шамшуалиев павлодарлық делегациядан көмек сұрады.

– Бүгін біз мешіт жанынан қазақ тілі курстарын ұйымдастыруды мақсат етіп отырмыз. Сондай-ақ, домбыра үйренемін деушілерге есік ашық. Осыған сіздерден жәрдемдесулеріңізді сұраймын, – деді ол.

Бұл өтініштерін облыс басшысы Қанат Бозымбаев қолдайтынын білдіріп, имамдарды павлодарлық медреседе оқытуға мүмкіндік барын атап өтті. Сондай-ақ, материалдық тұрғыдан да қолдау болатынын жеткізді.

Сонымен қатар облыс басшысы аймақ губернаторымен келісу қажеттігін айтты.

– Бұл уақытқа байланысты. Ешбір кедергі жоқ. Екі өңір арасында экономика дамуда, әлеуметтік-мәдени байланыстар нығая түсуде, – деді Павлодар облысының әкімі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары