21-ші қыркүйек күні Астана қаласы маңында орналасқан «Балқарағай» демалыс кешенінде қазақ құмай тазыларының республикалық байқауы өтеді, деп хабарлайды Baq.kz.
Іс-шараны ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына қарасты «Құмай» федерациясы республикалық «Қансонар» қауымдастығымен бірлесе ұйымдастыруда. Құмай тазы – қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасы, жеті қазынасының бірі. Сондықтан, байқауды ұйымдастырудың басты мақсаты – қазақ тазы иттерінің шығу тегі Қазақстан аумағынан тарағанын мойындату болып отыр. Іс-шара аясында барлық қатысушыларға арналған қоян аулау жарысы, жабайы аңдар аулау жарысы, бүркітшілер шоуы, сонымен бірге концерттік бағдарлама көрермен назарына ұсынылады.