$ 484.11  528.79  5.03

Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ХІІІ отырысы басталды

Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері бас қосып, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен 11 жыл бұрын қолға алынған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезінің тақырыптары мен қамтитын мәселелерін ортаға салды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Muslim.kz сайтының жазуынша, жиын әдеттегідей жиылған әлем дінбасыларының ризашылық сөзімен басталып, бұған дейінгі төрт съездің көтерген мәселелерін екшеді.

Лидерлер сөзіне жүгінсек, әлемнің діни көшбасшыларының дәстүрлі кездесуі – адамзат алдында тұрған мәселелерді көтеруімен және бұған дейін ешбір ел бастарын қоса алмаған әртүрлі дін көшбасшылары арасында диалог орната алуымен айрықшаланады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта отырыс қатысушыларының күн тәртібінде V съезд тақырыбы және айтулы шараның өтетін орны мен уақытын анықтау мәселелері тұр. Ұсынылған екі тақырып төңірегінде қызу пікірталас тудырған әлемдік дін көшбасшылары «Діндер диалогы мен өзара түсіністігі: Қақтығыссыз болашақ жөнінде» және «Діни және саяси лидерлер диалогы: Бейбітшілік пен даму жолында» тақырыптарының қайсысы V съезге тұздық боларын анықтауда. Хатшылық өкілдері мұнан бөлек, V съездің сессиялық отырыстарының тақырыптарын да ортаға салуда. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары