$ 494.87  520.65  4.91

Демалыс күндері қазақстандықтарды жылы ауа-райы күтіп тұр

Демалыс күндері Қазақстанның көптеген бөлігіндегі ауа-райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың солтүстігінде 15-20 м/с дейін желдің күшеюімен жаңбыр түрінде жауын-шашын өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Қазгидромет» таратқан мәліметтерге сай, түнде еліміздің оңтүстік бөлігінде топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік өтеді, күндіз температура +12…+20оС-тан +18…+27 оС-қа дейін көтеріледі. Республиканың қалған аумағында күндіз ауа біртіндеп жылынады, осылайша батыста +13…+21оС-тан +17…+26 оС-қа дейін, солтүстікте және орталықта +7…+15оС-тан +10…+20 оС-қа дейін, шығыста +5…+15оС-тан +10…+20оС-қа дейін жылынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары