$ 447.4  477.55  4.76

Астананың 3 мыңға жуық полиция қызметкері көше тазалады

Бүгін Елорда полицейлері «Біз – таза қала үшін!» атты Астана қаласының аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша дәстүрлі жалпықалалық сенбілікке белсене қатысты, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Елорда полицейлері таңертең қолдарына қажетті құралдарыy алып, елордалық ІІД бастығы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровтің басшылығымен жалпықалалық сенбілікке қатысып, өздеріне бекітілген аумақты қоқыстан тазартудан бастады.

ІІД әрбір бөлінісіне тазалау бойынша учаскелер бекітілген. Бүгінгі күнгі іс-шараға елордалық ІІД 14 объектісінде қызмет атқаратын 3 мыңға жуық қызметкер қатысты. Сондай-ақ, сенбілікке қоқысты шығару үішін жүк автокөлігі, трактор жұмылдырылды.

Сенбілік барысында полиция қызметкерлері ішкі істер департаментінің маңындағы алаңдар мен көшелерді тазалап, жол бойындағы ағаштардың түбін түптеп, ақтаған. Қоқыс жинап, оны арнайы қоқыс полигонына шығарған.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары