$ 443.35  475.54  4.82

Бүгін Астанадағы қалалық сенбілікке 100 мыңнан аса адам қатысуда

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен қала аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша сенбілік өтіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Сонымен қатар, Есіл өзені, Ақбұлақ пен Сарыбұлақ жылғалары қоқыстан және басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазартылады. Саябақтар мен шағын бақтардағы жасыл желектерді күтудің маусымдық агротехникалық жұмыстары жүргізіледі.

Сенбілікке қала тұрғындары, кәсіпорындар мен ұйымдар белсенді қатысуда. 

Сенбілік кезінде жиналған қоқысты шығаруға 460 техника, соның ішінде 280 жүк көлігі, 180 жүк тиегіш жұмылдырылды. Сондай-ақ, бірнеше аумақта 4,5 мыңға жуық жас өскін отырғызылады. Жерұйық саябағында ғана 1 мыңнан астам жас тал егу жоспарланып отыр.

Ауқымды шара Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың қатысуымен басталды. Қала басшысы алғашқы көшетті өзі отырғызды. 

Жалпы, үш аудан бойынша сенбілікке 100 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары