$ 488.91  532.62  5

Ресейге 86 тонна бензин жөнелтпек болғандар шекарада ұсталды

Қазақ-Ресей шекарасында қазақстандық шекарашылар 86 тонна бензинді заңсыз өткізбек болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, шекара қызметінің «Шығыс» өңірлік басқармасының «Семей» жеке өткізу-бақылау бөліміне қарасты «Қоянбай» (автомобильді) бекетінің бақылаушылары «МАЗ» және «IVEKO» автомашиналарын тексеру кезінде жалпы салмағы 86 тонна болатын бензинді (АИ-80) шекарадан заңсыз өткізуге тырысқан ресейлік және қазақстандық азаматтарды ұстаған.

«Павлодар – Барнаул» (РФ) бағытында тіркемелерін тіркеп жолға шыққан сыбайластардың жүкке байланысты көрсеткен құжаттары жарамсыз болып танылды», делінген хабарламада.  

Оқиға болған жерге Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ішкі істер бөлімінен жедел-тергеу тобы келіп, Қылмыстық кодекстің 183-1 бабына сәйкес шекарашылар анықтаған материал полиция қызметкерлеріне берілді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары