$ 442.05  474.14  4.74

Есірткіге тәуелді балалардың саны Маңғыстау облысында азайған

Былтыр ресми түрде 23 нашақор оқушы тіркеуде болса, биыл бұл көрсеткіш 13-ке кеміп отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Дегенмен, мамандарды басқа мәселе алаңдатады. Қазір нарыққа синтетикалық есірткінің жаңа spice түрі шыққан көрінеді. Бұл шөптен жасалатын есірткіге қарағанда әлдеқайда зиян. Бұл есірткі түрі адамды өзіне тәуелді етеді. Сонымен қатар, адам азғасына зиян келтіреді. Бірақ,оның адам организіміне қаншалықты әсер ететіндігі әзірге толыққанды зерттелмеген. Есірткінің екі түрі де инъекциялық есірткілердің қатарына жатады. Бұл туралы  Назаралиев атындағы медицина орталығының бас дәрігері Елшібай Жүнісов мәлімдеді.

Оның айтуынша, «синтетика» дайындау қиындық туғызбайды. Ал оның құрамына кіретін ингредиенттерді де оңай табуға болады.

— Көптеген дәріханаларда дәрігерлердің рұқсат қағазынсыз құрамында психотроптық заттар бар дәрілерді сатып алуға болады. Мысалы, цикломед, трапкамид, цикладол және атрапин. Бұл ең қолжетімді есірткі заттары болып есептеледі және есірткі жасауда көптеп қолданылады. Сонымен қатар, формула тағы да заттармен толығып, олардың салдарын толық зерттеуде кедергі тудырады», — деді Жүнісов.

Қазақстандық нашақорлар отандық «өнімдерден» бөлек, өзге елдерден алып келінетін синтетикалық заттарды қолданады. Жылдың басынан бері шекарашылар 929 кг есірткі тәркіледі. Ресми емес мағлұматтарға сүйенсек, Қазақстанға синтетикалық есірткілерді алып келетін елдердің бірі – Қытай.

Осыған орай Маңғыстау облысында есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, наркологиялық диспансер және білім басқармасының өкілдері арнайы жиын өткізіп, жасөспірімдер мен ұстаздарға бұл қауіптен сақтанудың жолдарын түсіндірді.

Жалпы жыл басынан бері бұл аймақта есірткі саудасы бойынша 48 дерек тіркелген. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, барлығы да сотқа жолданды. Ал тәркіленген 43 келі героин мен марихуананың көзі жойылды. Мамандар биыл есірткі сақтап, оны өзгелерге таратқандар арасында мектеп оқушысы болмағандығын хабарлайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары