$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстау облысына жаңа прокурор тағайындалды

Маңғыстау облысына жаңа прокурор тағайындалды. Ол бұған дейін осы қызметте болған Дастан Сартаев, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Кадрлық ауыс-түйіс бүгін өтті. ҚР Президентінің келісімімен Дастан Сартаев Сабыржан Бекбосыновтың орнын алмастырады.

«Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың 2014 жылғы 21 қазандағы №154/6 бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен Дастан Шәймерденұлы Сартаев Маңғыстау облысының прокуроры қызметіне тағайындалды », — деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Дастан Сартаев бүгінгі тағайындауына дейін де 2000 мен 2004 жылдар аралығында Маңғыстау облысының прокуроры қызметін атқарған болатын.

Дастан Шәймерденұлы Сартаев 1959 жылы 27 тамызда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған ауылында дүниеге келген. 

1981 жылы заңгерлік мамандық бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді. Әділет органдарының 3-санаттағы мемлекеттік кеңесшісі. Заң ғылымдарының кандидаты.

2004-2008 жылдары – Ақтөбе облысының прокуроры. 

2008-2009 жылдары – Атырау облысының прокуроры.

2009 жылдың 12 қарашасында Павлодар облысының прокуроры қызметіне тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары