Виктор Окишевтің допинг қолданғанын халықаралық велосипедшілер одағы растап отыр, деп хабарлайды baq.kz.
Виктор Окишев 29 мамырда Азия чемпионатына қатысқан болатын. Сол сайыстан кейінгі тапсырған допинг тексерісі оның қолданғанын көрсетіп отыр. Енді ол жаттығу жиындары мен турнирлерден шеттетілетін болады.
Айта кетейік, допинг дауы «Астана» командасында биылғы жылы бірінші рет болып отырған жоқ. Оның алдында ағайынды Максим және Валентин Иглинскийлер мен Илья Давыденка ұсталған еді.