$ 449.58  486.94  4.86

Астанада Шарль де Голльға ескерткіш ашылады

Франция президенті Франсуа Олланд желтоқсан айында Қазақстанға келеді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Астана қалалық әкімдігінің ресми сайты.

 Олланд сапары барысында Астанада Францияда Бесінші Республиканың президенті болған генерал Шарль де Голльге арналған ескерткіштің ашылуына қатыспақ.  Ескерткіш Ақбұлақ-3 шағын ауданындағы Шарль де Голль атындағы көшенің саябағына орнатылмақ.

Бұл көшеде француз стилінде салынған "Париж кварталы" және "Француз кварталы" деп аталатын элиталық тұрғын үй кешендері орналасқан.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары