$ 498.34  519.72  4.85

Алаяқ әйел ақтөбеліктерді 55 млн теңгеге алдап кеткен

Ол тұрғындарды «жұмысқа тұрғызамын, үй немесе машина салып алып беремін» деп, ірі көлемдегі қаржыны жымқырған, деп хабарлайды «Skifnews.kz».

 

 Ақтөбе облысының ІІД-нің хабарлауынша, ағымдағы жылы 10 қарашада 38 жастағы қала тұрғыны полиция қызметкерлеріне шағымданған. Ол 2014 жылы мамырда таныс бір әйел оның сеніміне кіріп, 14 мың АҚШ доллары тұратын «Peugeot» маркалы автокөлігін иемденіп алған.

Әрі осыған дейін тәртіп сақшыларына тағы бір жәбірленуші арызданған. Ол 2012 жылдың ақпан айы мен 2014 жылы алаяқ әйелге 29 млн. теңге берген екен.

«Жедел іздестіру шарасы нәтижесінде, полиция қызметкерлері «жоғарыда аталған қылмысқа қатысы» бар деген күдікпен 38 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстаған. Қазіргі уақытта күдіктің осы сияқты бес қылмысқа қатысы бар екендігі анықталып отыр. Жәбірленушілерге келген зиян мөлшері 55 млн. теңгені кұраған. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. », - деп хабарлайды облыстық ІІД-і. 

 Сондай-ақ, алаяқ әйел тұрғындардың көпшілігін «жұмысқа тұрғызамын, үй немесе машина сатып алып беремін» деп алдап келген.

«Айыпталушының кәмелеттік жасқа толмаған 2 баласы мен cәбиі бар», - деп атап көрсетілген аймақтық ІІД таратқан хабарламада.

 Қазіргі таңда тәртіп сақшылары аталмыш қылмыс бойынша тергеу жүргізуде.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары