Елімізде тұрғын үйді ұзақ мерзімге жалға беретін банктердің саны азайып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz.
«Ranking.kz» порталының хабарлауынша, нарықта ипотелық несие беру 2010 жылдың ортасынан бері төмендеп келеді. Соңғы 4 жылда ипотелық несие беру 9,1%-дан 7,5%-ке төмендеген. Ал тұтыну кредиті осы уақыт аралығында 11,7%-дан 21%-ға өскен. Қыркүйек айының қорытындысы бойынша, екінші деңгейлі банктердегі ипотекалық несиенің жалпы соммасы 915,4 млрд. теңгені құраған.
Айта кетейік, бүгінде Халық банк және Сбербанк, Центркредит банктері ғана ұзақ мерзімді несие бере алады.