Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бүгін Швейцария президенті Дидье Буркхальтермен кездесті. Жиын барысында олар Украина дағдарысын талқылады, деп хабарлайды Skifnews.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Сыртқы істер министрілігінің хабарлауынша, кездесуде Ерлан Ыдырысов Қазақстанның Украинадағы дағдарысты тек бейбіт түрде, басқа да елдердің ара ағайындық жасауы арқылы ұлттық диалог өткізу жолымен шешілуін қолдайтынын айтты.