$ 498.51  522.84  4.81

Ақмола облысында оқушылардың білімсіздігінен мектеп жабылды

 Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының соты "Заурал орта мектебі" лицензиясынан айырды, - деп хабарлайды Skifnews.kz Ақмола облысының сотына сілтеме жасап.

 

Сот қаулысы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 311-7-бабының 7-тармағы - "Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзу" бойынша шықты. Ақмола облысының білім беру саласын бақылау жөніндегі департамент бұған дейін анықталған заңбұзушылықтардың жойылуын бақылау мақсатында жасаған қайта тексеруден кейін бұл іс сотқа жіберілді.

«Тексеріс нәтижесінде білім берудің негізгі мазмұнына кіретін пәндер бойынша тест қорытындыларының төмен болғаны анықталды. 4 сынып оқушылары «орыс тілі» және «математика» пәндерінен, тоғызыншы сынып оқушылары «орыс әдебиеті», «алгебра», «география» пәндерінен және 11 сынып оқушылары – «қазақ тілі», «Қазақстан тарихы», «физика» және «биология» пәндерінен негізгі білімдері жоқ екені анықталды. Ал бұл жалпы білім берудің мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес емес», – деп хабарлады сот өкілдері.

  Айта кетерлік бір жайт, Мектепке бір жыл ішінде жағдайды түзеуге мүмкіндік берілген.  Алайда қайта жүргізілген тексеріс нәтижесі де жақсы нәтиже көрсетпеген. Нәтижесінде білім ордасы лицензиядан айырылып, оған 100 айлық мөлшері көлемінде, яғни 185200 теңге айыппұл салынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары