$ 444.22  476.38  4.82

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық жанданып келеді

ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Өзбекстанның сыртқы экономикалық қатынас, инвестиция және сауда министрі Элер Ганиевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ҚР ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлер Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық серіктестік мәселелерін және инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

ҚР ҰЭМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан экономикасына Өзбекстаннан тікелей инвестициялар ағыны 2005 жылдан 2014 жылдың 1 жартыжылдығына дейін 14,9 млн долларды құрады. Ал 2014 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша тауар айналымы 1 545,2 млн долларға жеткен.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары