$ 447.4  477.55  4.76

Серік Ахметов тәулік бойы қырағы бақылануда

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деп айыпталып отырған Серік Ахметовті тәулік бойы бақылап отыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz жедел-тергеу тобы қызметкерлерінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

«Біз тәуліктің қай уақыты болмасын, Ахметовтің үйіне кіріп, оның кетіп қалмауын, телефон арқылы және Интернет арқылы байланыс жасамауын тексереміз. «Үй қамауы» оған тергеушінің рұқсатынсыз әлдекіммен байланыс жасауға тыйым салады», – деді агенттік қызметкерлері. 

«Серік Ахметовтің тергеу органдарынан жасырынатын адам ретінде сипатталатындығында болып отырған жоқ. Мұндай мәлімет бізде жоқ. Ахметов үйден кетіп қалуға әрекеттенген де жоқ. Заңда жазылған талаптарды орындау – біздің жұмысымыз, оны орындамасақ тәртіптік жауапкершілікке немесе одан да қатаң жауапкершілікке тартылатын боламыз», – деді жемқорлыққа қарсы ведомствоның жедел-тергеу тобының қызметкерлері.

Сонымен қатар, экс-министрдің үйінің сыртында да бақылау жүргізіліп жатыр. Серік Ахметовке қатысты қылмыстық істі тергеумен айналысатын полицейлердің көлігі айыпталушының үйінің маңындағы автотұрақта ауысыммен кезек атқарып тұр.   

 Айта кетейік,   экс-министр Cерік Ахметов бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деп айыпталып отыр. Тағылып отырған айып бойынша, қылмысты ол Қарағанды облысының әкімі болып тұрған кезде жасаған. "Үй қамауына алу" туралы шешімді 18 қарашада Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық №1 сотының судьясы Зухра Тілеубергенова қабылдаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары