$ 498.55  524.28  4.75

Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан 1 адам қаза тапты (ВИДЕО)

22 қарашада Петропавл - Кондратовка реттелетін темір жол қиылысында МАЗ жүк көлігімен №2698 жүк поездымен соқтығысқан, деп хабарлайды SkifNews.kz Солтүстік Қазақстан облысының ТЖД сілтеме жасап.

«Жол көлік оқиғасы салдарынан №2698 жүк поездының бос 4 жартылай вагоны теміржол рельстерінен шығып кеткен. Жүк автомобилінің жүргізуші алған жарақаттан сол жерде қаза тапқан», – делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Солтүстік Қазақстан облысының ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сол уақытта ТЖ орнына қарсы бағытта 494 жолаушысы бар «Иркутск - Кисловодск» №057 жолаушылар поезды келе жатқан. Пойыз жүргізушісі тежегішті басқанымен, МАЗ жүк көлігімен соқтығысады. Соның салдарынан 3 вагон бүлінген. Абырой болғанда жолаушылар ішінде зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

ТЖ орнына СҚО ТЖД жедел тобы, СҚО ІІД, Петропавл станциясы ЖІІБ, көлік прокуратурасы қызметкерлері жедел жетіп, болған оқиғаның зардаптарын жоюға кіріседі.  Қалпына келтіру жұмыстарына жөндеу бригадасының 98 маманы мен 8 арнайы техника бірлігі жұмылдырылды.

Орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары