Қазақстан Мұсылмандар одағы мен Орталық Азиядағы адам құқығы бойынша Мұсылман комитеті қоғам қайраткері Роза Түлетаеваны Нобель сыйлығына ұсыну жөнінде Нобель комитетіне хат жіберді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
«Қазақстанның мұсылмандар одағы Жаңаөзен қаласындағы мұнайшылардың мүддесін қорғаған белсенді Роза Түлетаева дүниежүзілік Нобель сыйлығына ұсынды», – деп хабарлайды ҚМО баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ҚМО мен Орталық Азиядағы адам құқығы бойынша мұсылман комитеті алпауыт елдердің және құқық қорғау ұйымдарының көшбасшыларына, әрі Нобель комитетінің мүшесі, Норвегияның королі Харальд V-ке Роза Түлетаеваның кандидатурасын қолдау жөнінде хат жіберген.
Еске сала кетейік, Жаңаөзен мұнайшыларының мүддесін қорғап жүрген белсенді Роза Түлетаева 19 қарашада Маңғыстау облыстық сотының кассациялық алқасының шешімі бойынша Атырау қаласындағы колониядан босатылған болатын.
Осыған дейін хабарланғандай, Роза Түлетаева «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастарды» деген айыппен 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Кейін Маңғыстау облысының аппеляциялық соты айыпталуышының жазасын 5 жылға қысқартқан.