$ 498.55  524.28  4.75

Ақтөбеде жарты жыл бұрын жоғалып кеткен сержант табылды

33 жастағы азаматты Хромтау трассасынан қой бағып жүрген малшы тауып алған, деп хабарлайды SkifNews.kz.

 «Осыдан жарты бұрын Арман Сұрағанов Ақтөбе қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармада түнгі кезекшелікті атқарып жүрген жерінде белгісіз себептермен, жоғалып кеткен болатын. Бүгінде азамат аман-есен табылды», - деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталы.

«Туған-туысқандарының айтуынша, Арман Сұрағановтың жағдайы мәз емес. Дәрігерлердің көмегі қажет. Оны тәртіп сақшылары түнгі екіде үйге әкелген. Арманның үстінде дамбалы мен мәйкісінен басқа ештеңе болмаған. 33 жастағы азаматты Хромтау трассасынан малшы тауып алып, тәртіп сақшыларына хабар берген», - көрсетілген аталмыш портал таратқан хабарламада.

Жақындарының пікірінше, оны осы уақытқа дейін белгісіз біреулер күштеп ұстаған. Тіпті оған тамақты күніне бір рет беріп отырған. 

Бүгінде Сұрағанов қалалық ІІД-де тергеуде. Тәртіп сақшылары оның не себепті жоғалып кеткенін анықтауға кірісті. Әзірге бұл оқиға жөніде полиция өкілдері толыққанды ақпарат берген жоқ.

Ал Арман Сұрағановтың ата-атасының қуанышында шек болмады. Олар баласының аман-есен оралғанына құрбандық шалып, той жасамақшы.

«Біз оның аман-есен оралатынына күдікпен қарай бастаған едік, - дейді сержанттың анасы Халима Сұрағанова. - Біз онымен сөйлесіп үлгермедік. Таңертең тәртіп сақшылары оны алып кетті. Ол әбден қалжыраған. Баламның қол-аяғын байлап, жолға тастап кеткен көрінеді. Олар Арманды өледі деп ойласа керек. Бірақ, балам тірі қалды. Оның шашы иығынан асады, тырнағы да сояудай болып өсіп кеткен. Адамды мұншалықты қорлауға бола ма?!»

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 15 мамырында Арман Сұрағанов қызмет орнында белгісіз себептермен жоғалып кеткен. Кейін облыстық ішкі істер департаменті адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары