$ 498.55  524.28  4.75

Бүгін еліміздің басым бөлігінде боран соғады

Еліміздің көптеген облыстарында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауып, тұман түсуі мүмкін, көктайғақ болады, боранды жел күшейеді, деп хабарлайды Skifnews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, түнде Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен боранды жел соғады. 

Қостанай облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күші 15-20 м/с-қа жетеді. 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, боранды жел 15-25 м/с-қа дейін күшейеді. 

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, түнде жел күші 15-20 м/с-қа жетеді. 

Қызылорда, күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп болжануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары