Ресейлік сепаратистердің қарамағындағы «Луганск Халықтық Республикасында» орта ғасырлық тәртіптер орнады, деп хабарлайды Skifnews.
Ешбір мемлекет мойындамаған «Луганск Халықтық Республикасының» басшылары қатаң тәртіп орнатуда. «Призрак» бригадасының командирі Алексей Мозговой Луганск қаласының қыздары мен әйел азаматтарына кафе мен мейрамханаларға баруға тыйым салған болатын. Алайда бұл ескертуді ескермеген қыз өз жазасын қатаң түрде алды. Видео дүйсенбі күні YouTube видеохостингіне қойылған.
Видеода адамға зәбір көрсету элементтері бар болғандықтан, бейнематериалды көрмес бұрын балаларды монитордан алыс ұстауыңызды сұраймыз.