Ұран − жаңа ұлттық идеология болуы керек, деп санайды саясаттанушы Айдос Сарым. Бұл туралы Skifnews.kz ақпараттық порталы хабарлап отыр.
Қазақстанға ұлттық ұран керек, дейді Айдос Сарым.
«Көптеген елдердің мемлекеттік рәміздерінен (туы, әнұраны, елтаңбасы) тыс мемлекеттік ұрандары болады. Бұл ұрандар сол мемлекет халқының мұң-мұқтажын, арман-мұратын, ұмтылатын биігін айқындайды, елдік идеясы мен идеологиясына негіз болады. Осы 23 жылда қаншама ұранды бастан өткердік. 3-4 жылда бір ұранды ауыстырып, тоздырып жатамыз», − деп жазылған А. Сарымның Facebook-тегі жеке парақшасында.
Саясаттанушы еліміздің жаңа ұраны ретінде өзіне ұнайтын екі нұсқаны ұсынып отыр. Олар:
1) Азаттық. Бірлік. Өрлеу.2) Ұлт. Азаттық. Еңбек.