$ 513  541.16  4.69

Ерлан Арын қамаудан босатылды

Бүгін Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында облыстың бұрынғы әкімі Ерлан Арынға қатысты іс бойынша сот процесі аяқталды,  деп хабарлайды Тengrinews.kz 

Сот Ерлан Арынды ҚР ҚК 307 бабының 3 бөлігі – «Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғалардың қызмет өкілеттігін теріс пайдалануы» бойынша айыпты деп тапты. Оны үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды. 

Сонымен бірге, соттың өкімімен ол «Құрмет», «Парасат» ордендерінен айырылады. Павлодар облысының экс-әкімі сот залында қамаудан босатылды.

«Мен үкімге ризамын. Жақсылық күттік, осының өзі де оң нәтиже болды», – деді үкім шығарылғаннан кейін Ерлан Арынның адвокаты Айжан Сабирина.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары