Тәртіп сақшыларын көлік жүргізушісі түсірген бейне материал әшкереледі, деп хабарлайды «ОСА» порталы.
Бес полиция қызметкері көлік жүргізушісін соққыға жыққан. Ауыр соққыдан зәбір көруші жан дауысымен айғайлаған көрінеді.
«ОСА» порталының хабарлауынша, бұл видео Өскемен қаласының ІІБ баспасөз қызметі таратқан, полиция қызметкерлерінің «ерлігі» туралы ақпаратты жоққа шығарады.
«Тәртіп сақшылары сымақтар роликте естіліп тұрғандай, көлік жүргізушісіне күш көрсеткен», – деп хабарлайды «ОСА» порталы.
Видеода көлік жүргізушісі ауыр азаптан айғай салып, адамдарды көмекке шақырып жатқаны көрсетілген. Алайда полиция қызметкерлері бұған қарамастан азамматты тұтқындаған.
«Өскемен қаласының ІІБ баспасөз қызметі таратқан мәліметке жүгінсек, полиция қызметкерлеріне осы әрекеттері үшін сыйақы беріледі», – деп көрсетілген аталмыш сайтта.