$ 444.22  476.38  4.82

Қазақстан Ресейге электр энергиясын беруді тоқтатты

Еліміз 24 қарашадан бастап Ресейге электр энергиясын тасымалдауды тоқтатқан. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев мәлім етті.

 «24 қарашадан Ресейге электр энергиясын тасымалдауды девальвация себебімен тоқтаттық. Бұл біздің станциялар үшін тиімсіз болып қалды. Бұл нарықты жоғалтудың ықпалы болатыны сөзсіз», – деді А.Сатқалиев. 

Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасының айтуынша, өткен жылы және ағымдағы жылдың ортасына дейін Ресейге келісімдерге сәйкес көмір ішкі нарықтағыдан жоғары бағаға жеткізілген. Алайда, компания бірқатар себептер бойынша баға қалыптастыруда қиындыққа тап болған. 

«Біріншіден, Ресей экономикасы жоғары бағамен біздің көмірді қабылдауға дайын емес. Ресейде біздің көмірді алмастыру бойынша мемлекеттік бағдарлама бар. Бұл факторды назардан тыс қалдырмау керек. Ресейге көмір жеткізу бойынша баға саясаты мәселесінің өзектілігі артып келеді. Келісімдер рубльмен жасалады, бұл ретте біз шығынсыз жұмыс істеу, әділ баға қалыптастыруға үлкен көңіл бөлеміз», – деп толықтырды А.Сатқалиев. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары