$ 444.22  476.38  4.82

Еліміздің ең табысты компаниясының акционері болуға мүмкіндік бар

Алдағы апталарда еліміздегі ең табысты болып саналатын «Маңғыстау электротораптық бөлу ком­паниясы» АҚ акционері болуға мүмкіндік бар, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Өйткені халық қызығушылығы күткенімізден жоғары болды. Бастапқыда бір акцияның құны 725 теңге болса, бүгінде 830 теңгеге дейін көтерілді. 2012 жылдың 6 қарашасынан 2013 жылдың 5 желтоқсанына дейін 34 687 өтініш келіп түскен. Демек, халық құнды қағаздардың қажеттілігі мен пайдасына бірте-бірте көз жеткізіп келеді.

Бағдарламаға қатысу жөнінен республика бойынша Алматы мен Астананың және Маңғыстау облысының тұрғындары алдыңғы қатарда.

2014 жылы IPO аясында «KEGOC» АҚ-тың 10 пайыз ак­циясы, SPO аясында «Маңғыстау тарату электрожелі компаниясы» АҚ-тың 75 пайыз акциясын сатылымға шығару жоспарлануда.

 Айта кетейік, «Маңғыстау ТЭК» АҚ – монополист компания, негізгі тұтынушылары мұнай-газ секто­рындағы кен орындары. 2010-2014 жылдар арасында ком­пания табысы 500 млн теңгеден 1 млрд теңгеге артты. Басшылық құрамы – Директорлар кеңесі білікті мамандардан жасақталған. Монополист компания бол­ғандықтан, қаржылық саясаты да тұрақты. Қазақстан Қор бир­жасына сатылымға екінші рет орналастырылып жатыр. Бірінші рет 2008 жылы қойылған болатын. Бүгінгі таңда қайталама орна­ласым шеңберінде 24 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында жазылу бойынша өтінімдер қабылданады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары