$ 446.49  475.38  4.79

Маңғыстауда әскерилерге арналған жаңа ғимарат салынуда

Маңғыстау облысында Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің жаңа облыстық жиын пункті салынуда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

«Жаңа ғимаратта әскер қатарына шақырылушыларды жаңа жабдық және техника көмегімен медициналық тексеруге арналған дәрігер-мамандардың жеке кабинеттері, жеке рентген кабинеті, «Ақ сұңқар» әмбебап психодиагностикалық кешенімен әскерге шақырылушыларды терең кәсіби-психологиялық зерделеу сыныбы, демалыс және психологиялық жеңілдеу бөлмелері орналасатын болады», – делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Маңғыстау облысында облыстық жиын пункті болмаған еді. Бұл шақыру комиссияларын өткізу кезінде үлкен қиындықтар туындатып келген болатын. Әскерге шақырылушыларды шалғай аудандардан жеткізу, оларды орналастыру, киіндіру, тамақтануын ұйымдастыру және болашақ Отан қорғаушылардың жағдайын жасауға арналған басқа да іс-шаралар жергілікті бюджеттің айтарлықтай шығындануын қажет етіп келді.

Бұдан басқа, бүгінгі таңда Жаңаөзен қаласы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әкімшілік ғимараты мен шақыру пунктінің және Мұнайлы ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары