$ 447.4  477.55  4.76

Ақтау әуежайы ISAGO стандартына сәйкестігі жөніндегі аудиттен сәтті өтті

Тексеріс қорытындысы бойынша әуежайға ISAGO сертификаты берілетін болады. Соған сәйкес оған әлемнің жетекші авиакомпанияларымен халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуге мүмкіндік ашылады, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігіның баспасөз қызметі.

Аудит барысында тәуелсіз сарапшылар басқарудың ұйымдастырылуы мен жүйесін, жолаушылар мен багажға көрсетілетін қызмет сапасына, жүк пен поштаны өңдеуіне, сонымен бірге ұшақтардың тиелуіне және жер бетімен қозғалысының қамтамасыз етілуіне баға берді. Тексеріс қорытындысы бойынша әуежайға ISAGO стандартына сәйкестігі жөнінде 2 жыл мерзімге сертификат беріледі. Бұл жер бетіндегі қызмет көрсету қауіпсіздігі жөнінен халықаралық аудиттен өткен Қарағандыдан кейінгі екінші әуежай. 

Сонымен қатар, Ақтау әуежайы биылғы жылғы тамыз айында сапа менеджменті жүйесінің  Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның (ISO) талаптарына сәйкестігі жөнінде сертификаттаудан сәтті өтіп шықты.

Аудиттен өту жөніндегі талаптың Азаматтық авиация комитеті 2010 жылы бекіткен ҚР әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру Ережелерінде бекітілгендігін атап өткен жөн.

Қазіргі уақытта Ақтау әуежайы тасымал көлемі жөнінде үшінші орынға иеленіп отыр. Әуежайда ішкі және сыртқы халықаралық бағыттарда ұшып жүрген. қазақстандық және шетелдік авиакомпанияларға қызмет көрсетіледі.

Айта кетейік, жер бетіндегі қызмет көрсетудің қауіпсіздігі жөніндегі Әуе көлігінің халықаралық ассоциациясы (ISAGO) әуежайда жер бетінде қызмет көрсететін провайдерлерге арналған аудиттің стандартталған бағдарламасы болып табылады.  Бұл бағдарлама жер бетінде қызмет көрсетудің әлемге танымал стандарттарға негізделген. Тексерісті  Әуе көлігінің халықаралық ассоциациясынан сертификат алған тәуелсіз аудиторлар жүргізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары