$ 449.58  486.94  4.86

Маңғыстауда Ұлы Отан соғысының ардагеріне арналған ескерткіш тақта орнатылды

Ақтау қаласында сот жүйесінің және Ұлы Отан соғысының ардагері, Ақтау қаласының ең алғашқы судьяларының бірі Ахмедов Ғизатолла Халидоллаұлына арнап ескерткіш тақта орнатылды.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Маңғыстау облыстық соты мен Ақтау қалалық әкімдігінің ұйытқы болуымен өткізілген шараға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Д.Әміров, Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары А.Досекенов, Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы М.Молдағұлов, облыстың судьялары, сот жүйесінің ардагерлері мен кеңсе мамандары, Ақтау қаласы әкімдігінің өкілдері мен Ғ.Ахмедовтың туыстары қатысты.

1935 жылы Мәскеу қаласында рабфак бітіргеннен кейін Алматы облыстық сотында сот мәжілісінің хатшысы болып қызмет жолын бастаған Ғ.Ахмедов 1938 жылы Алматы қаласындағы екі жылдық заң мектебін тәмамдап, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында сот мүшесі, 1939-1940 жылдары Жамбыл облыстық сотында сот мүшесі, яғни судьялық қызмет атқарған.

«Сот жүйесінің белсенді қызметкері ретінде өзін таныта білген Ахмедов 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, ауыр жарақат алып, елге оралады. Соғыстан соң Семей облыстық сотында облыстық сот төрағасының орынбасары  қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы лауазымында қызметін жалғастырады. 1949-1955 жылдары Көкшетау облыстық сотының төрағасы, 1955-1960 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында әділет басқармасының бастығы, кейін облыстық соттың төрағасы қызметтерін атқарған. Ал, 1960 жылы Ақтау қаласындағы алғашқы сот органы №21 сотының төрағасы қызметіне сайланып, оны 1975 жылы республикалық деңгейдегі зейнеткерлікке шыққанға дейін он бес жыл бойы атқарған»,  деді жиында Маңғыстау облыстық соттың төрағасы Д.Әміров.

Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз», «І дәрежелі соғыс ардагері» ордендерімен, «За оборону Москвы», «За победу над Германией в ВОС», «20 лет победы», «50 лет Вооруженных сил СССР», «За освоение целинных земель», «Ветеран труда» мерейтойлық медальдарымен марапатталған Ғизатолла Халидоллаұлы көп жылдық судьялық тәжірибесімен, еңбекқорлығының арқасында сот жүйесіне ұзақ жыл еңбек сіңіріп, жұмыс сапасын жақсартуға, Маңғыстауда сот жүйесін жетілдіруге үлесін қосқан азамат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары