$ 444.22  476.38  4.82

Жұмыссыз жүрген ақтаулықтарға жәрмеңке ұйымдастырылды

Ақтау қаласында «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде Маңғыстау облыстық және Ақтау қалалық әкімдіктері, «ЭКО Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымы жанындағы жастарды жұмыспен қамту жөніндегі жастар орталығы мен «Жұмыс Ақтауда» жобасының ұйымдастыруымен «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жәрмеңкеге 31 жұмыс беруші өкілдері қатысып, 287 бос жұмыс орындарын ұсынды.

Бос орындар физика, математика, химия пәні мұғалімдері, тәрбиеші, сурдоаудармашы, дәрігер, инженерлер, сондай-ақ, жоғары дәрежелі жұмысшы мамандар бойынша ұсынылды.

Жәрмеңкеге жұмыс іздеуген немесе жұмысын ауыстырғысы келген 500-ге жуық жұмыссыз азаматтар қатысты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша шағын несие алып, өз ісін ашу жолдары туралы, кәсіби даярлау мен қайта даярлау, жастар тәжірибесін және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары кеңес берді.

 Жұмыс берушілер жәрмеңкеге қатысушыларға өз кәсіпорындарын таныстырып, жұмысқа қабылдау жағдайлары туралы айтып өтті. Жұмыссыздар қосымша сұхбатқа шақырылып, кейбір бөлігі жұмысқа орналасатын болады. Ал, Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығы олардың әрі қарай жұмысқа орналасуын қадағалайды.

Жәрмеңкенің нәтижесінде мекемелер қатысушылардан 1940 түйіндеме жинады, 318 адамға кеңес берді, 94 адам сұхбатқа шақырылды.

Естеріңізге сала кетсек, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы 3 бағыт бойынша іске асырылады. Елдің әр азаматы мынадай бағыттардың бірі бойынша қатыса алады: оқыту курсынан өту, мамандық бойынша жұмыс табу немесе өз бизнесіңді ашу немесе кеңейту. Аталмыш мақалада сіз бағдарламаның барлық бағыттары бойынша мәлімет аласыз, қатысу үшін қайда бару керектігін және ол үшін қандай құжаттарды жинау қажеттігін білесіз.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында онжылдықтың басты әлеуметтік мақсаты қойылды. Ол халықтың әл-ауқатын нығайту, тұрғындарды жұмыспен қамту, 2020 жылға қарай елдегі жұмыссыздық деңгейін 5 пайызға дейін төмендету міндетін айтқан болатын. Осы орайда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стартегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында әлемнің азық-түлік нарығының көшбасшысы болу және ауылшаруашылығы өндірісінің әлеуетін арттыру міндетін қойды. Елімізде бұл бағытта кейінгі кезде кешенді шаралар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің жұмысына жаңа серпін беретін бағдарламалар қабылданып, мемлекеттік қолдау күшейе түсуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымындағы №636 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты бойынша ауылдық жерлерде жеке кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын ашу мақсатында республика бойынша жұмыс істейтін жұмыспен қамту орталықтары бірқатар жұмыстарды жүзеге асырды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары