$ 520.39  609.58  6.63

Елбасы Жолдауын маңғыстаулықтар қолдап отыр

Президент Жолдауын жүзеге асыру бүгінгі күннің басты талабы. Маңғыстаулықтар Елбасы Жолдауын еркеше ықыласпен қолдап отыр.

Алдағы уақытта Нұрлы жол – болашаққа бастар жолда атқарылар істер көп. Осы орайда Маңғыстау облысының қоғамдық ұйымдары да өз пікірлерімен бөлісті.

Ақтау қаласындағы «Вайнах» шешендер мен ингуштардың этномәдени бірлестігінің төрағасы Магомед Лорсанов ҚР Президенті Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауында айтып өткен барлық деңгейдегі бизнесмендерді жеңілдікпен несиелендіру үшін 100 млрд. теңгені бөлу бастамасын бизнесті қолдаудың теңдессіз шаралары деп атады.

«Мен қоғамдық қызметтен басқа, бизнеспен де айналысамын. Мен басқарған кәсіпорын құрылыс материалдарын сатып, құрылыспен айналысады. Сондықтан басқа кәсіпкерлерді сияқты мені де бұл жаңалық өте қуантты», — дейді М.Лорсанов.

М.Лорсанов сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтарды дамытуға көңіл аударды. Қазақстанның әлемдік аренада мәлімдеген инвестициялар ағыны үшін жағдайлар жасау керек, деп есептейді ол.

«АЭА-ны дамыту - бүкіл әлемдік қауымдастық үшін бұған дәлел болуда», — деп атап өтті ол. 

Әлемнің кез келген елінде сұранысқа ие болатын мамандарды даярлау - бұл жай ғана арман емес, бұл біз мақсатты түрде келе жатқан бағыт, деп санайды Маңғыстау облысының энергетика колледжінің тәрбие жұмыстары және патриоттық тәрбиелеу жөніндегі кеңесшісі Раиса Маденова-Хван. 

«Мен техникалық және кәсіптік білім беру саласының қызметкері ретінде біздің колледждер мен лицейлер әлемнің кез келген кәсіпорындарында еңбек ете алатын мамандарды барынша тезірек дайындап шығара бастағанын қалаймын. Бұл арман емес, осы мақсатқа біз келе жатырмыз. Барлық колледждердің студенттері еңбек нарығында мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында мамандықтарынан басқа ағылшін тілін оқиды, ал облыстың үш колледжінің студенттері пилоттық режимде бюджеттен тыс қаржы есебінен қытай тілін оқуда. «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы білім беру жүйесін жетілдіре түседі деген сенімдемін», — деді Раиса Маденова-Хван.

Сонымен бірге ол балаларға да, жасөспірімдерге де үнемі патриоттық тәрбие жүргізу қажет деп санайды.

«Біздің балаларымыз Қазақстан халқының бірлігі қаншалықты маңызды жетістік екенін толықтай түсіне бермейді, ал оларға біздің ісімізді жалғастыруға тура келеді. Сол себепті біз оларға өз пікірімізді білдіріп, тарихи экскурcиялар өткізіп, ТМД-ның басқа елдеріндегі жағдайлар туралы айтуымыз керек. Жарқын болашаққа деген жол күн сайын әрбір қазақстандықпен қалануы тиіс. Мен оны бастап та кеттім», — деп атап өтті Р.Маденова-Хван.

Айта кетейік, Раиса Маденова-Хван «Қазақстанның кәрістер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі және оның Ақтау облыстық филиалының төрайымы.

Жолдауда айтылған міндеттерді жүзеге асырудың кілті - бұл еңбек пен қоғамның бірлігі, деп есептейді Маңғыстау облыстық «Ехпайрутюн» армян этномәдени бірлестігінің төрағасы Айрапет Курдоглян.

«Осыған дейін құрылған бес жылдық жоспар мерзімінен бұрын орындалды. Енді алдымызда жаңа міндеттер тұр. Мақсатымызға жетудің жолы - аянбай еңбектенуіміз ғана емес, сонымен қатар бірігуіміз», — деп атап өтті ол.

«Қазақстандықтардың қатынасы сенімді әрі жолдастық болғандықтан бүгінгі жетістіктерге қол жеткіздік. Біздің этномәдени бірлестік Елбасының экономиканы жаңа деңгейге көтеруге және қауіптерге төзуге деген талпынысын қолдайды. Келесі жылы қазақстандықтар ел Конституциясының қабылдануының және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуының 20 жылдығын тойлайды. Бұл мерекелерді атап өтумен біз бірлігімізді сезінеміз. Бұл сөздер мен есептерден қымбатырақ. Қазақстан нық қадаммен алға басуда. Біз Маңғыстау облысының армян этномәдени бірлестігінің мүшелері Президентіміздің саясатын қолдаймыз. Бұл бізді болашаққа бастар жол», — деді А.Курдоглян.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары