Ақтау қаласы әкімдігінің жанындағы «Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын-үй инспекциясы» ММ «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй алуға арыздарды қабылдау басталғанын жариялайды, деп хабарлады Ақтау қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен.
«Аталған Бағдарлама бойынша тұрғын үй алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары Ақтау қаласы әкімдігінің сервис орталығындағындағы үлгі бойынша арыз беруіне болады», делінген хабарламада.
Жергілікті атқарушы органның Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптары:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе оралман мәртебесі
болуы;
2) Бағдарламаға қатысушының және онымен үнемі бірге тұратын отбасы
мүшелерінің (жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына енгізілген отбасының басқа мүшелерінің және өтініште көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығында тұрғын үйдің немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы;
3) Бағдарламаға қатысушының және онымен үнемі бірге тұратын
отбасы мүшелерінің (жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына енгізілген отбасының басқа мүшелерінің және өтініште көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйді ауыстыру немесе өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді иеліктен шығару арқылы тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы;
4) отбасының ай сайынғы жиынтық таза табысы (зейнетақы аударымдарын,
жеке табыс салығын және басқа да аударымдарды есептемегенде), мынадай шекте;
а) ең көп - ең төменгі күнкөріс деңгейінің 15 еселенген мөлшерінен аспайды.
5) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
67 бабы 1 - тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар санаты жергілікті атқарушы органының тұрғын үй кезегіне тіркелген болуы тиіс.
Құжаттарды қабылдау Ақтау қаласының, 4 шағын ауданында орналасқан, Ақтау қаласы әкімдігінің сервистік орталығындағы №3 терезеде жұмыс күндері: сағат 09:30-дан 17:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12:00-ден 14:00-ге
дейін жүзеге асырылады.
Арыз қабылдаудың басталуы − 11 қараша 2014 жыл, сағат 9.30 , арыз қабылдауының аяқталуы − 17 қараша 2014 жыл, сағат 17.00.
Азаматтар арызбен бірге, келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат (нотариалды расталған көшірмесі);
2) Неке қию (некені бұзу) туралы құжат, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балаларының туу туралы куәліктері (нотариалды расталған көшірмесі);
3) Бағдарламаға қатысушының және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жылжымайтын мүлкінің немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы анықтамасы;
4) Бағдарламаға қатысушының және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы тиісті елді мекенде тұратынын растайтын мекенжай анықтамасы;
5) Жұмыс орнынан жалақысы туралы анықтама (қаржы институттарына ұсыну үшін) қатысушының және отбасы мүшелерінің;
6) Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтар қосымша өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататынын растайтын құжат;
7) Мемлекеттік қызметшілердің, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдардың жұмыс орнынан (қызметтен) анықтамасы;
8) «Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесінен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтардың тізімінде тіркелгендігі жөнінде анықтамасы.
Сонымен, қолжетімді тұрғын үйге қол жеткізу үшін не істеу керек? Баспанаға мұқтаж, мемлекеттің қолдауына зәру әрбір адам ең алдымен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен келісімшарт жасасып, жинақ жүйесінің қатысушысы атануы, жеке жинақ жасай бастауы тиіс. Банк басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаеваның айтуынша, оны кез келген уақытта қолға алуға болады. Жаңа салымшылардың да бағдарламаға ілігуге мүмкіндігі бар. Салымшылар жинаған балына сәйкес, берген өтінімі негізінде тұрғын үйді сатып алушылар немесе жалдаушылар пулына қатыса алады. Ол үшін барлық талаптарды орындау қажет. Әрбір өтінім берушінің балын есептеу кезінде тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісімшарттың дайындық деңгейі, келісімшарт сомасының тұрғын үй құнына қатысты көлемі ескеріледі. Келісімшарттың қаншалықты дайын екені бағалау көрсеткіштерінің мәніне тікелей байланысты болмақ. Яғни, жинақтың сомасы мен мерзімі ескеріледі.
Бағдарламаның әлеуетті қатысушысы неғұрлым тез ТҚЖ туралы келісімшарт жасап, жинақ жасай бастаса, қолжетімді бағамен тұрғын үй сатып алуға соғырлым көп мүмкіндік алады.
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша жас отбасыларға тұрғын үй жеңілдікпен беріледі. Жалға берілетін баспана құрылысы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы қаржыландырылады. Әкімшіліктер трансферттеу арқылы жас отбасыларға арналған баспана құрылысын жүргізеді. Оны жас отбасылардың сатып алуы үшін екі кезеңнен тұратын сызба жасалды. Біріншісі, 8,5 жыл ішінде жас отбасы жалға берілген пәтерде тұрып, бір уақытта банкте қор жинай алады. Екінші кезең, жиналған қаражат есебінен баспананы бірден сатып ала алады, егер ол қаржы жеткіліксіз болса, 4% жылдық мөлшерлемемен 15 жыл мерзіміне тұрғын үй заемын пайдаланады. Онда заем ұсынудың жалпы мерзімі 23,5 жылды құрайды. Сондай-ақ алған қарызды мерзімінен бұрын жабу мәселесі де қарастырылған. Ол үшін мемлекет қолдауына ие болып отырған еліміздегі жас отбасылар жергілікті әкімдікке жүгінуі тиіс.
Бағдарламаның бұл бағыты бойынша қатысушыларды іріктеу, яғни тізім жасап, оны ҚТҚЖБ-ге тапсыру міндеті де әкімшілікке жүктеліп отыр. Мұнда банктің міндеті әлеуетті қатысушының төлем қабілетін бағалау, жалға алу кезеңінде жинақ жасауын бақылау, сондай-ақ тұрғын үйді сатып алу үшін қарыз беруден тұрады.
Жоғары атап өткеніміздей, Бағдарлама ТЖЖ жүйелерінің қағидаларына сүйенеді, оған сәйкес қатысушы алдымен қаржының бір бөлігін жинауы тиіс. Банк талаптарын Бағдарламаға икемдеуге қатысты айтсақ, арнайы оны іске асыру үшін мемлекет бюджеті қаржысы есебінен берілетін заем бойынша сыйақы мөлшерлемесі төмендетіліп отыр. Республикалық бюджеттен бөлінетін кредит қаржысы есебінен берілетін заем алу үшін Бағдарламаның қатысушысы бірқатар талаптарға сәйкес келуі маңызды. Біріншіден, өзінің және отбасы мүшелерінің атында тұрғын үй болмауы керек. Алайда отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж болса (тұрғын үйдің көлемі отбасының бір мүшесіне шаққанда 15 шаршы метрден кем болған жағдайда), Бағдарламаға қатыса алады. Екіншіден, қатысушының соңғы бес жылда тұрғын үй жағдайын әдейі нашарлатуы, яғни, өз үйін сатып жіберу фактісі болмауы шарт.
Айта кететін жайт, жеткілікті көлемде қаржы жинақталған, мерзімі келген депозиті бар қатысушылар «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша алғашқылардың бірі болып баспаналы болады. Өйткені, олардың тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісімшарты Бағдарламаға қатысуға қажетті барынша жоғары балды жинауға мүмкіндік береді, бірақ қаржы келісімшартта көрсетілген тәртіппен жинақталуы маңызды. Егер клиенттің мерзімі өткен және барлық талаптары орындалған келісімшарты болса, Бағдарлама аясында салынып жатқан баспананың бірін сатып алу үшін тұрғын үй заемын алуға үміткер бола алады. Егер банктің қандай да бір талабы орындалмаса, ол алдын ала, аралық тұрғын үй займын алуға немесе тұрғын үйді жалға алып, кейіннен сатып алуға құқылы.
Белгілі болғанындай, Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тек өз салымшыларының арасында конкурс жариялайды. Ал Бағдарлама шеңберіндегі тұрғын үй құрылысын әкімдіктер республикалық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен жүргізеді. Осылайша, банк салымшыларының қаржысы тұрғын үй құрылысына жұмсалмайды, яғни ҚТҚЖБ-дағы олардың жеке шотында жинақталады. Банк клиенті, Бағдарлама қатысушысы құрылыс аяқталғаннан кейін дайын үйге қоныстанады. Ал олардың жинақ ақшалары мен алған заемдарын банк пәтерді сатып алу есебінен құрылыстың аяқталу фактісі бойынша бюджетке аударады. Сайып келгенде, бірнеше жыл бұрын үлескерлер бастан өткерген тәуекел жағдайы мұнда болмайды.
Жасыратыны жоқ, бүгінде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының өміршең екендігіне күмән келтіріп жүргендер де бар арамызда. Бірі «Қолжетімді баспана» қарапайым халық үшін қолжетімді емес десе, енді бірі «арзанның сорпасы татымайды» дегенді алға тартуда. Арзан үйдің сапалы болуы мүмкін емес дейді олар. Бұған Банктің жауабы дайын. Бағдарлама аясында тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі бойынша барлық талаптар толық орындалып отыр. Тұрғын үйге кредит беру және оны сату механизмдері жолға қойылған. Құрылыстың сапасын уәкілетті органдар ғана емес, әкімдіктер де бақылайды. Банк те салынып жатқан тұрғын үйлерге мерзімдік бақылау жүргізіп, олардың ағымдағы жағдайы туралы ақпаратты өз сайтына орналастырып отырады.
Мысал ретінде айтсақ, аймақтардағы баға бойынша 60 шаршы метр пәтердің құны 5,4 млн теңгені құрайды екен. 8 жылға алдын ала заемға алынған пәтерді сатып алу үшін (бұл несие, алдын ала салымдары жоқ салымшыларға арналған) ай сайын 66 870 теңге төлеп отырасыз. Заемның өтеу мерзімі өткеннен соң ай сайынғы төлем 18 900 теңгеге дейін төмендейді, себебі тұрғын үй құрылыс заемы жылдық 4 пайыздық мөлшерлемемен 15 жылға дейін беріледі. Ал жалға алынатын баспана үшін ай сайынғы жинақтау салым 28 620 теңгені құрайды, жалға ай сайын қосымша 6 000 теңге төлеп отырсаңыз жеткілікті. Әрине, еліміздегі отбасылардың басым көпшілігінің мұндай ақшаны өз үйінің құрылысы үшін жұмсауға қабілетті екені рас. Сондықтан бағдарлама аясында салынатын үйдің бағасы қымбат деп текке даурығудың қажеті жоқ. Яғни, Бағдарлама қатысушысының 15 айлық ең төменгі күнкөріс деңгейінде табысы болса, онда ол үйді жалға алу құқығына ие бола алмайды. Бір сөзбен айтқанда, жалға берілетін үйлер табысы төмен отбасыларға арналған.