$ 444.22  476.38  4.82

Қолданбалы өнер сайысының жеңімпаздары анықталды

24 қараша күні мүмкіндігі шектеулі жандар арасында қолданбалы өнер бойынша өткен байқаудың жеңімпаздарын мадақтау іс-шарасы өтті.

ҚР Спорт және Мәдениет министрлігінің тапсырысымен ҚҚ «Мемлекеттік саясатты дамыту қоры» мүмкүндіктері шектеулі адамдарға арналған «Халықаралық мамандандырылған Астана Expo-2017 көрмесіне беделді сувенирлік өнім үлгілерін дайындау» халықтық  және сәнді-қолданбалы қолөнер шебері бойынша республикалық әлеуметтік конкурс өткізді.

Конкурс мақсаты мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмысқа тартумен, Қазақстанда қолөнер өндірісінің дамуын ынталандыру және олардың арасында ең дарынды және болашақ қолөнерлерін табу.

Конкурста 3 номинация көрсетілген: 1 «Дарынды бастау» (Молодое дарование); 2) «Эко-дизайн» (вторичная жизнь материала в новом художественном объекте); 3) «Мұрагер» (Живое наследие).

Сарапшылар комиссиясы құрамына жоғары мамандандырылған және беделді өнер қайраткелері, дизайн саласындағы танымал қайраткерлер, сонымен қатар «Сәнді- қолданбалы өнердің шеберлерін демеу ораталығы» қоғамдық бірлестіктің басшысы кірді. Комисссия төрағасы ҚР еңбек сіңірген қайраткері,  Францияның көркем сурет академиясының лауреаты, Татарстан Республикасының халық суретшісі, Академик, профессор К.В. Муллашев.

Іріктеу кезеңінде әрбір номнациядан қолөнершілердің ең жақсы жұмыстары таңталды. Дарынды бастау номинациясы бойынша жүлдегер Оңғарова Ақбота, Горячевская Юлия және Нуртазина Айдана. Қатысушылар  шеберліктерінің жоғарғы деңгейін көрсетті. «Эко-дизайн» номинациясы бойынша бірінші орынды Атабеков Ускен алды. Оның «Шахмат» жұмысы қазылар алқасының көңілінен шықты. «Мұрагер» номинациясы бойынша «Кешқұрым» атты суретімен бірінші орынды Асылбай Абылайхан иеленді. Ал екінші орын Бексултанова Анарға бұйырды. Байқаудың демеуші компаниясы «CVL» 50 000 теңге көлеміндегі ақшалай жүлдені Құрманғожина Динара алды (Көкшетау қаласы).

Ақтық сынға жеткен қатысушылар «Астана ЭКСПО-2017» АҚ ҰК-сының кәде сыйларымен мараппатталды. Қатысушылар өз тарапынан әділ қазылар мен ұйымдастырушыларға өз сыйлықтарын тарту етті.

Мамандар байқау қатысушыларының жоғарғы кәсіпқойлылығын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары