$ 448.15  483.46  4.86

Маңғыстаулық дәрігерлер күрделі операцияларды жасауға қол жеткізді

Маңғыстау өңірінде дәрігерлер заманауи технологияларға қол жеткізе отырып, күрделі операцияларды жасауға мүмкіндік алған, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Облыстық аурухананың жаңадан пайдалануға берілген блогында дәрігерлер төрт айдың ішінде  дейін 400-ден астам адамға ота жасаған. Ота жасауға ультрадыбыстық скалпель қолданылған.

Аурухана басшысы Нұрлан Тілеповтың айтуынша, скалпель асқазан мен басқа да іш құрылысына ота жасау кезінде пайдаланылады.

«Қазіргі кезде дәрігерлер жаңа құрылғыларды пайдалана отырып, асқазан мен өңеш, жүрек-қан тамырларына да ота жасауда. Әрі ауруханада тізе буындарын эндопртездеу операциялары да сәтті жүргізілуде. Дәрігерлердің біліктілігін арттыру үшін әр түрлі оқулар мен семинарлар тұрақты ұйымдастырылып тұрады», - дейді Н. Тілепов.

Сондай-ақ, Н. Тілепов Ақтаудағы балалар емханасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қолға алынғанын атап өтті. Айта кетейік, 30 жылға жуық тарихы бар  балалар емханасына күрделі жөндеу жұмыстары алғаш рет жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарына бюджеттен 65 млн.теңге бөлінген.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары