$ 443.85  474.3  4.8

Маңғыстауда мұнай-газ жабдығын шығаратын зауыт салынбақ

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында «Пиетро Фиоринтини Қазақстан» ЖШС итальяндық компаниясы мұнай-газ жабдығын шығаратын зауыт салады. Бұл туралы арнайы экономикалық аймақтың директоры Әмірбек Төлегенов мәлім етті.

Әмірбек Төлегеновтың хабарлауынша, құрылысқа кететін инвестицияның жалпы сомасы 2,5 млрд теңгені құрайды.

«Қазір жер телімін рәсімдеу процедурасы аяқталуға жақын. Мұнай-газ жабдығын шығаратын зауытта компрессорлар, ауа мен газды сұйылту машиналары, сорғылар және тағы басқалары өндіріледі», – дейді Ә. Төлегенов. 

Айта кетсек, кәсіпорын өнімдері Қарашығанақ, Қашаған және Теңіз кен орындарында пайдаланылады. Әмірбек Төлегенов зауытта жабдықтан басқа мұнай ұңғымаларын бұрғылауға арналған қалқымалы платформалар да шығарылатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік,  «Ақтау Теңізпорты» АЭА» инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін маңызды стратегиялық кешендердің бірі.  Инвесторларға инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер телiмдерi және салық пен кеден төлемдерінен босату ұсынылады. 

«Ақтау Теңізпорты»  АЭА-сы  №853-шi  2002 жылдың 26 қыркүйегінде туралы Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен құрылған болатын.  

Аталмыш аймақтың жалпы ауданы 2000 гектар. Әрі портта 6 суббелдемдермен және жағалаудағы аймақтан тұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары