$ 443.85  474.3  4.8

Маңғыстаулық жас өрендер «Әдебиет бір әлем» біріншілігінде сынға түсті

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрында «Қазақстан КВН Одағының» Маңғыстау облысы филиалының ұйымдастыруымен «Әдебиет бір әлем» тақырыбында облыстық ашық чемпионатының ақтық мәресі өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

 «Әдебиет маусымында» жыл бойы ойын көрсеткен 14 топтың ішінен топ жарып, ұтымды әзілдерімен көрермен жүрегін жаулаған 6 топ финалда бақ сынады.

Әдемі күлкі мен уытты әзілге толы ойынды «Қазақстан КВН Одағының» облыстық филиалының директоры Дәулет Сағынтаев жүргізді. Ойын 3 кезеңнен құралды. Бірінші кезеңде командалар өздерін таныстырса, екінші кезең – «5 сайыста» қатысушылар күлкілі мақал, жаңылтпаш және өлеңдер шығарып, көпшілікті суырып салма, тапқырлығымен тәнті етті. Ал соңғы кезең – «Таңдамалы туындыда» ойыншылар көрермен көзайымына айналу үшін бар күштерін салды. Финалдық ойында XV-XVI ғасырдағы хан мен уәзірдің әңгімелері, Ақтаудың тыныс-тіршілігі, қоғамдық көлікте болған оқиғалар, ауыл тұрғындарының қылықтары – бәрі-бәрі күлкілі қырынан көрініс тапты. Әрі әзіл сүйер қуым бұл көріністерді жылы қабылдады.

Әділқазылардың шешімімен Маңғыстау облыстық ашық чемпионатының жеңімпаздары «Жаңаөзен жастары» болды. Екінші орын бейнеулік «Боранқұл», үшінші орын ақтаулық «Туризм жастарына» бұйырды. Ал ақтөбелік «Феномен», ақтаулық «Өнер құрамасы», жаңаөзендік «Жалын» ашық чемпионаттың финалистері болып танылды. Барлық ойыншыларға бағалы сыйлықтар, кубоктар, дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары